Екібастұзда-Клебанов, Шымкентте-Машкеевич

Oinet.kz 18-12-2022 545

Кешегі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында апатқа ұшырап, мыңдаған отбасыны қақаған қыста жауратқан, үкіметті аяғына тік тұрғызып, облыс әкімін қызметінен кетірген Екібастұздағы жылу орталығының қожайыны, атышулы миллионер Александр Клебановтан тұрғындарға өтемақы төлеуді талап етті. 

Screenshot_4.jpg

"Тозығы 90 пайыздан асатын Екібастұз жылу электр орталығын мемлекетке 1 теңгеге сату туралы ұсынысты тексеру қажет", - деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл нысанға тәуелсіз аудит жүргізу керек екенін атап өтті.

- Орталықтың 50 пайызын мемлекетке алып, меншік иесіне Жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырған жөн. Екібастұз қаласының тұрғындарына келтірілген шығынды өтеу құны меншік иесі мен республикалық бюджет арасында бөлінсін. Соңғы жылдары қожайындары ешнәрсе жасамаған әрбір маңызды инфрақұрылымдық нысанды Үкімет жан-жақты қарастырып, шешім қабылдауы керек. Осындай жұмыстарды облыс әкімдері жергілікті жерлерде де жүргізетін болады, - дейді мемлекет басшысы.

 Олигарх Александр Клебановтың Екібастұздағы жылу электр орталығын мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын екендігін бұған дейін  Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлім еткен болатын. 

«Егер Клебанов осы нысандарды мемлекетке қайтаратын болса, халыққа және мемлекетке келтірілген залалды өтеуі керек. Екі күн бұрын әкімдікте жиналыс болды, оған Клебанов та келді. Сол кезде осы жайында оған айттық. Ол аталған нысанды бір теңгеге мемлекетке сатуға дайын екенін мәлімдеді. Біз өз кезегімізде олай болмайтынын, яғни бірінші кезекте кәсіпорынды иелікке алған кезде оның жағдайы мен қазіргі ахуалын салыстырып, соның айырмашылығын анықтап алуды талап еттік. Осы орайда кәсіпкер бұл айырмашылықты төлеуі тиіс, сондай-ақ Екібастұздың тұрғындарына келген шығынды өтеп беруі керек», - деді Е. Саиров.

Осы жерде Шымкеттегі жылу орталығы атышулы миллиардер Александр Машкеевичтің иелігінде екендігін айта кеткен жөн шығар.     Александр Машкеевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиевке тиесілі Eurasian Resources Group тобының Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын «Энергоорталық-3» АҚ-ның 94 пайыз акциясын 2018 жылы сатып алған болатын. Бұл ақпаратты сол кезде аталған компанияның ресми сайты хабарлаған болатын. ERG акцияларды «Южэнергопром» ЖШС-інен сатып алған. Екіарада қандай келісімнің болғандығы ашық айтылмады. 

Елдегі монополист кәсіпорындарға неге миллиардерлер құмар?   Жуырда прокуратура органдары мен Шымкент қалалық әкімдігі  қалаға жылу таратумен айналысатын «Қуатжылуорталығы» кәсіпорнын сатылудан кері қайтарған болатын. Бұл кәсіпорынға кімнің көзі түсті екен?

Сатыбалдының ісі сотқа түседі
Президент әкімдерге: Әлеуметтік желіге әуес болмаңдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу