Путинді қолдаймын деген Мәжіліс депутаты "Ақ жол" партиясынан шығарылды

Oinet.kz 19-01-2023 464

Путинді қолдаймын деген Мәжіліс депутатын “Ақ жол” партиясы өз қатарынан шығарды.

Screenshot_1.jpg

Партия Азамат Әбілдаевтың БАҚ-қа берген сұхбатында айтылған сөздері "Ақ жол" ұстанымына қайшы келетінін хабарлады.

Сондай-ақ партиялық және депутаттық этиканы бұзады деп есептеді.

"Азамат Әбілдаевты "Ақ жол" демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты Азамат Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы  "Ақ жол" партияcы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады”, - делінген "Ақ жол" сайтындағы хабарламада.

Депутат  Азамат Әбілдаев бұған дейін "Ақ жол" партиясының мүшесі, партия төрағасының орынбасары қызметінде болған. 

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Азаттық радиосына берген сұхбатында былтыр Украинаға басып кіріп, көрші елді ойрандап, бейбіт тұрғындарды қырып жатқан Ресейді қолдайтынын мойындады. 

«Мен Ресей президентін қолдаймын»: Депутат Азамат Әбілдаев Ресей тарапында екенін айтты
Бекназаров не бітіріп жүр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу