«Amanat» 43 пайыз дауыс алады

Oinet.kz 10-03-2023 708

«Стратегия» саяси және әлеуметтік зерттеулер орталығы алдағы Мәжіліс сайлауына қатысты сауалнама қорытындысын жария етті. Сауалнама 17-27 ақпан аралығында жүгізілген. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 1600 адам қатысқан. 

Screenshot_2.jpg

Соныменен сауалнама қорытындысы бойынша жасалған болжам бойынша алдағы додада сайлаушылардың 43 пайызы дауыстарын «Аманат» партиясына береді. Бұрынғы «Нұр Отан» партиясы бұған дейінгі сайлауларда дәл мұндай төмен ұпай  алып көрмеген.   2021 жылғы додада ол 71 пайызбен жеңіске жеткен болатын. Бұл Қаңтар оқиғасынан кейінгі аралықта партия рейтингісінің түскенін білдіреді. Бұған партия құрамынан Президенттің шығып кетуі де әскер еткен болуы мүмкін.   

Екінші орынды 11,3 пайызбен «Ақ жол» партиясы алған. Бұл партияның 2021 жылғы додадағы нәтижесімен сәйкес келеді (10,95 пайыз).  Үшінші орынды «Ауыл» партиясы алған. Оның жинаған даусы -9,9 пайыз. Бұл жолы «Ауыл» Мәжілісте ғана емес, мәслихаттарда да көп орын алуы мүмкін. 

Бұлардан бөлек 5 пайыздық межеден тағы екі партия өтеді. Олар: Қазақстанның Халық партиясы-6,3 пайыз,  «Respublica» партиясы-6,2 пайыз. 

Қазақстанда ресми тіркелген жеті партияның екеуі –Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиасы мен «Байтақ» партиясы 2,4 және 1,5 пайыздармен Мәжіліске өте алмайды. 

Сауалнама қорытындысы бойынша бұл жолғы саяси додаға сайлаушылардың 59 пайызы қатысады. Сауалнама арқылы жасалған болжамның шындыққа қаншалықты сәйкес келетінін 19 наурыздан кейін білетін боламыз.

Жалақы биыл 200 пайызға көтеріледі - Денсаулық сақтау министрлігі
Тоқаев қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайтатын Жарлыққа қол қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу