Назарбаевтың келінінің соты Шымкентте өтуі мүмкін

Oinet.kz 05-04-2023 382

Астанада Байқоңыр аудандық соты Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ісін қарауды бастады. Сотталушының орынтағында Елбасының келінінен бөлек тағы екі азамат бар.

63bf5205d3f78531680302.jpg 

Гүлмира Сатьбалды Қылмыстық кодекстің «өз бетінше биілік ету»  және «адам ұрлау» баптарымен айыпталған. Бұл іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған азаматтардың бірі  белгілі бизнесмен Тұрсын Алагөзов. Бұған дейінгі сот отырыстарында Алагөзовтың адвокаты Г.Сатыбалдының келтірілген шығынды өтеп, келісімге келуге әрекет еткенін мәлімдеген еді. Алайда Г.Сатыбалды сот отырысында өзіне тағылған айыптардың ешқайсысымен келіспеген. Ал оның екі сыбайласы жартылай мойындаған.

Сонымен бірге қазіргі уақытта Қызылорда қалалық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысы тағы бір қылмыстық іс қаралуда. Бұл іс бойынша Сатыбалдыдан бөлек тағы алты азаматқа айып тағылған. Олардың ішінде Г.Сатыбалды құрылтайшылық ететін  атышулы «Жаңа Ария Астана» компаниясының жетекшілері мен Қызылорда қалалық әкімдігінің шенеуніктері бар. Істің мән-жайына қарағанда, жоғарыдағы компания Қызылордадан жылу құбыларын жаңалауға қатысты тендерді ұтып алған. Бірақ 441 миллион теңгенің жұмысын орындамаған. Әкімдіктің қызметкерлері қабылдау актілеріне қол қоя берген. Сотталушылардың қатарында сондай-ақ, осы жұмыстарға техникалық қадағалау жүргізген мекеменің басшысы да бар.

Гүлмира Сатыбалды  Алматы облысы мен Алматы және Шымкент қалаларыннан да тендер алып, бюджеттің қомақты қаражаттарын талан-таражға алған. Былтыр наурызда антикор Г.Сатыбалдыға тиесілі деген «Ария -Жаңа Астана» компаниясы мен Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшыларының үстінен  қылмыстық іс қозғалғанын жария етті.

- Олар 2021 жылдың желтоқсан айында мемлекет бюджетін ысырап ету арқылы 747 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған. Қаражат «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бөлінген, - делінген болатын таратылған ресми ақпаратта.

 «Ария -Жаңа Астана» ЖШС 2019 жылдан бастап  Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысы бойынша Қонаев даңғылын Ташкент тас жолымен қосу жұмыстарына қатысқан. Серіктестік тендерді «бір көзден» ұтып алған. Келісім-шартта көрсетілген қаржының көлемі 10 208 388 710  теңгені құраған. Биыл наурызда серіктестіктің былық-шылығы әшкереленіп, істі болып жатқан кезде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Ария-Жаңа Астана» компаниясымен арадағы келісім-шарты біржақты бұзып тастады. Онымен қоймай, мамырда сотқа шағымданып, тиісті міндетін орындамағаны үшін «Ария-Жаңа Астана» серіктестігін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тануды сұранды. Сот талап арызды қанағаттандырып, Гүлмира Сатыбалдыға тиесілі деген компания «қара тізімге» енгізілген болатын.

Шамасы Гүлмира Сатыбалдымен байланысты  қылмыстық істердің  кезекті сатылары, яғни  Шымкент қаласына қарасты бөлігі үшінші мегаполисте қаралуы мүмкін. Бұл іске кімдердің, қандай шенеуніктердің қосақталатынын уақыт көрсетеді.



Аюпов абақтыда, ал Әбдірахымовты не күтіп тұр?
Антикордың жаңа төрағасы тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу