Шымкентте бірқатар басқарма басшылары жауапкершілікке тартылды

Oinet.kz 22-09-2023 320

Screenshot_1.png 

Шымкентте бірқатар басқарма басшылары жауапқа тартылды Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин хабарлады.

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық құқық бұзушылықтар мен аса ауыр зардаптардың алдын алу мақсатында әкімшілік практикаға ерекше назар аударады.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін Департаментпен Шымкент қаласы әкімдігінің бірқатар бірінші басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынбаған тұлғаларды жұмысқа қабылдаған Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары мен Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бұрынғы басшысы.  Кінәні толық мойындауларына байланысты ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қысқартылған тәртіппен қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда,-делінген басшының әлеуметтік желілердегі жазбасында.  

 


Аудан әкімдерінің сайлауы: Кандидат 350 мың теңге жарна төлеуі тиіс
Астанадағы мешіт Аида Балаеваның анасының құрметіне салынғаны рас па? - Министр жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу