Астанадағы мешіт Аида Балаеваның анасының құрметіне салынғаны рас па? - Министр жауап берді

Oinet.kz 25-09-2023 420

Желіде Астанадағы мешіт Аида Балаеваның анасының құрметіне салынған деген ақпарат тарады. Ақпарат және мәдениет министрі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Бұл туралы министр Facebook-парақшасында бөлісті. 

"Әлеуметтік желіде "Астанадағы мешіттердің бірі анамның атымен аталады немесе оның құрметіне салынды" деген ақпарат ешқандай шындыққа жанаспайды. Тағы бір атап өтетін жайт, Рахымқызы Раиса ана мешітінің немесе Қазақстандағы одан басқа жерлердегі мешіттердің құрылысына да, атауына да біздің отбасымыздың еш қатысы жоқ. Арандатушылыққа бой алдырмауды және жалған ақпарат таратпауды сұраймыз", - деп жазған министр.

Шымкентте бірқатар басқарма басшылары жауапкершілікке тартылды
Ағаштарды заңсыз кесу, қару-жарақ: «Ертіс орманында» ауқымды операция жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу