Бауыржан Байбектің тергеліп жатқаны рас па – Бас прокуратура жауап берді

Oinet.kz 27-09-2023 443

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекке қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Айта кетсек, Алматы әкімінің экс-орынбасары Ілияс Өсеровке үкім шыққан еді. Осы іс аясында Бауыржан Байбекке қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. 

"Менің білуімше, іс бойынша Байбек жайлы деректер жоқ. Мен естіген жоқпын. Ол қайда екенін білмеймін. Кипр бойынша, біз бүгін шарттарды ратификациялауды қарастырып жатырмыз, біздің деректеріміз бойынша, қазір Кипрде Қазақстан іздеу жариялаған адамдар жоқ", - деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.

Журналистердің "Байбекке қарсы қылмыстық іс жүргізіліп жатыр ма” деген сұрағына бас прокурордың орынбасары мұндай ақпарат жоғын айтты. 

Бұған дейін Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек Германиядағы музыкалық мектепке қаржылық қолдау көрсеткені жайлы ақпарат тараған еді. 

Еске салайық, бұған дейін экс-әкім Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған. Кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Сыздықбеков сыбайластықты ауыздықтай ала ма?
Өзбекстанды Түркістан деп атау ұсынылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу