Қыс алыс демеңіз

Oinet.kz 01-11-2023 595

275120986_433778018419343_5107912184626691354_n.png

Құрметті су және кәріз желісін тұтынушылар! "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі Сізден қысқы маусымға су құбыры желілерін тыңғылықты дайындауды сұранады.

Көп қабатты үй тұрғындары кіреберістегі есіктер мен терезелерді бүтіндеп, әйнегі болуын, есігінің жарамдылығын қадағалауы керек. Сонымен бірге, жертөлелердегі су құбыры желілерінің суыққа дайындығын тексеріңіздер. Оқшаулап, жылыту керек болса, осы бастан суыққа төзімді болуы үшін орап қойыңыз. Жер үйлердің иелері аулаларындағы су құбыры мен көшеден, жер бетіне жақын орналасқан құбырларды оқшаулап, крандарын қажетті материалдармен орағаны дұрыс.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қаңтар айында қысқы суыққа тиісті деңгейде дайындалмағанның салдарынан көп қабатты және жеке секторларда ауыз сумен қамту желілерінде айтарлықтай проблемалар болды. Үй ішіндегі су желілері қатып қалып, 163 көп қабатты үйлер сусыз қалды. Жеке үйлерде де, коммерциялық нысандарда да осындай проблемалар көптеп байқалды.

Көп қабатты үйлерде ішкі инженерлік желілердің пайдалану жарамдылығына тұрғындардың өзі жауапты. Кондоминиум объектілері болып тіркелген үйлерде қызмет көрсетуші мен тұтынушылар арасындағы, су құбыры желілері бойынша теңгерімдік шекарасы – сол үйдің сыртқы қабырғасы екені қаперіңізде болсын.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-інің әкімшілігі.


Әлтаевтың соты жабық режимде өтеді
Журналистер Одағының ұсынысымен газет атауы көшеге берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу