Әлтаевтың соты жабық режимде өтеді

Oinet.kz 31-10-2023 420

Нуржан Алтаевты.jpg 

Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевтың ісін жабық режимде өткізуді сұрады. Бұл туралы Ulysmedia.kz порталы хабарлады.
Прокурор Олжас Хайруллаев іс бойынша куәгер Әміровті “біреулер қорқытқандықтан” істі жабық өткізуді соттан сұрады. Алайда Әлтаев пен адвокаттары бұған қарсы шықты. “Әміровты біреулер қорқытса, іс қозғасын” деді Әлтаевтың өзі.
Әлтаевтың өзі сотқа таяқ ұстап келген. Адвокаттар оның денсаулығында кінәрат барын, егде анасы мен балалары барын айтып, сотталушыны үйқамаққа жіберуді өтінген.
Әлтаевтың өзі “ісім саясиланған” деп есептейді.

Бүгін судьяның істі жабық режимде қарау туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.  


Нұрқазы Шетенов судьялық қызметінен босатылады
Қыс алыс демеңіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу