Түркістанда құрылыс нысандарына қатысты тексеру басталды

Oinet.kz 01-12-2023 685

Астанадағы Орталық корммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында 3,3 миллиард теңге салынды, құрылыс барысында көптеген кемшіліктерге жол берілді деген Қожа Ахмет Ясауи мұражайына қатысты сұраққа жауап берді. 

IMG-20231130-WA0044.jpg

- Нысан 2020 жылы пайдалануға берілген. Құрылыс «Самұрық-Қазына» тарапынан жүргізілген. Бұдан кейін Түркістан қалалық әкімдігіне қайтарымсыз берілген. Ол берілген кезде ішкі жұмыстары әлі бітпеген. Осыған байланысты Түркістан қалалық әкімдігі мұражайдың ішін әрлеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуді жоспарлаған. Бірақ қазіргі уақытта бұл нысан әлі тапсырылған жоқ. Мен өзім арнайы барып көрдім,-деген әкім бұл мәселеде түсініксіздеу нәрселердің барын аңғартты. 

- Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. Алдымен кеткен қаржының негізділігіне қатысты. Осыдан кейін барып шешім қабылданады. Бізде осындай мәселелер басқа да нысандарға қатысты туындауда. Әлеуметтік желілерден өздеріңіз де көрген шығарсыздар. Шошқакөлдегі тоған бойынша, электрокара, визит орталығына, моншаға, неке сарайына қатысты тексеру немесе тергеу амалдары жүргізілетін болады,-деген әкім бұл нысандар бойынша материалдар құзырлы органдарға жіберілгенін айтты. 

2021 жылы ммузейге сол кездегі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы барған. Сол кезде әкімдік:

-Жаңа музей ғұламаның іліміне сапар шегіп, күллі шығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған діни қайраткердің еңбектерін дәріптейтін мәдени ошақ болмақ. Қожа Ахмет Ясауи музейінің аумағы – 3200 шаршы метр. Құрылысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, «Самұрық-Қазына» компаниясының тапсырысымен «Базис – А» компаниясы жүргізді. Ұлы тұлғаға арналған музейде 100 адам жұмыспен қамтылады,-деген мәлімет таратқан болатын.

«Бейсембаев популизмге бой алдырды»
Түркістан облысында жерді заңсыз рәсімдеген шенеуніктер қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу