Қайрат Балабиев, Мәжіліс депутаты: Президент пен халықты алдап не керек?

Oinet.kz 04-01-2024 440

414933263_897860078709066_4662065615990865913_n.jpg 

«Жайлы мектептен жайсыз хабар». Мәжіліске Түркістан облысынан сайланған депутат Қайрат Балабиев фейсбуктегі парақшасында осындай тақырыппен жариялаған постында Президенттің тапсырмасымен салынып жатқан «Жайлы мектеп» жобасына қатысты біраз келеңсіздіктерді жария етті.

   -Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жан-жақты білім алуы мен дамуына барынша жағдай жасауды тапсырды. Республика бойынша 361 жайлы мектеп салыну керек.

Алайда, бүгін Арысқа сапарым барысында шикіліктерге көз жеткіздім. "Жайлы мектеп" деп аты айтып тұрғандай жай мектеп емес. Жобасы да, сызбасы да өзгеше болуы тиіс. Мәжілісте осы мәселе көтеріліп, қажетті қаражат сұралғанда, қысқа мерзімде құжаттарын әзірлеп үлгермейтінін ескерткен ек.

Айтқанымыз айдай келіп, жайлы мектептер салынбақ тұрмақ, құрылысы басталмаған да екен. Жобалық сметалық құжаттамалары дайын болғанымен талдау-сараптауы дайын болмай немесе керісінше, әйтеуір жартыкеш тірліктің кесірінен кешеуілдеп жатыр екен.

Президент тапсырмасына ат үсті қарап, шала-шарпы атқаруға болмайтынын білсе де, ескермейтіндері қынжылтады. Тек Түркістан облысы емес, еліміз бойынша жайлы мектептердің құрылысы қарқын алмаған. Себебі республикалық бюджеттен сұралған қомақты қаржы бөлінгенімен, облыстарға берілмеген. Соның салдарынан құрылыс тоқтап тұр.

Облыстар мемлекеттік сатып алу байқауын өткізіп қойып, мердігерлер өз қаржысына салып бастайын десе қаражат жеткізе алмайды. Өйткені жайлы мектеп өте қымбат жоба.

Ақмола облысы - 25 млрд теңгеден аса;

Ақтөбе облысы - 28 млрд 400 млн теңгеге жуық;

Алматы облысы - 75 млрд теңгеге жуық;

Атырау облысы - 20 млрд теңгеден аса;

Шығыс Қазақстан облысы - 15 млрд теңгеге жуық;

Жамбыл облысы - 12,5 млрд теңгеге жуық;

Батыс Қазақстан облысы - 19 млрд теңгеден аса;

Қарағанды облысы - 19 млрд теңгеден аса;

Қостанай облысы - 15 млрд теңгеге жуық;

Қызылорда облысы - 24, 5 млрд теңгеден аса;

Маңғыстау облысы - 23 млрд теңгеден аса;

Абай облысы - 12 млрд теңгеден аса;

Жетісу облысы - 11 млрд теңгеден аса;

Ұлытау облысы - 5 млрд теңгеден аса;

Павлодар облысы - 9 млрд теңгеге жуық;

Солтүстік Қазақстан облысы - 7 млрд теңгеге жуық;

Түркістан облысы - 85 млрд теңгеге жуық;

Шымкент қаласы - 42 млрд теңгеден аса;

Алматы қаласы - 72,6 млрд теңгеден аса;

Астана қаласы - 126 млрд теңгеге жуық;

Барлығы: 646, 6 млрдқа жуық қаржы қарастырылған.

Бұл тұста мәселенің қаржы да емес, жобаның жүйелі жүзеге асырылмай жатқанына мән беру керек. Президент тапсырмасына сай салынатын жайлы мектептердің құрылысымен танысуға "AMANAT" партиясының бастамасымен бардым.

"Ауруын жасырған өледі" деген. "Пәлен мектеп салынып жатыр" деп, Президент пен халықты алдап не керек? Ақиқат бәрібір ашылады,-деп жазған депутат.

 


Қауесет пен ақиқат. Арыстан баб кесенесінен шу шығару кімдерге тиімді?
Сарапшылар елде қос биліктің болғанын мойындай бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу