Сарапшылар елде қос биліктің болғанын мойындай бастады

Oinet.kz 05-01-2024 249

 photo_93481.jpeg

Экономикалық саясат институтының директоры, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қайырбек Арыстанбеков Kazinform тілшісіне берген сұхбатында Қаңтар оқиғасына дейін елде қос биліктің болғанын мәлім етті.  

«Қаңтар оқиғасына дейін елімізді шынымен екі кісі басқарып отырды. Бұл жерде қазақтың „қойшы көп болса, қой арам өледі“ дейтін керемет мақалы еске түседі. Меніңше, сол тұста Қазақстанның конституциялық құрылымында осындай жағдай қалыптасты. Яғни, басшы екеу болды да, мемлекеттік аппарат, элита бағдарынан айырылып қалғандай көрінді. Яғни, екіұдай күйде жүрді», — деді Қайырбек Арыстанбеков.

Жуырда «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

-Бәзбіреулер қосарланған билік жүйесін орнатуға талпынғаны, тіпті, мұндай әрекеттерді әдейі әрі мұқият ұйымдастырғаны рас. «Билік транзиті» кезіндегі ахуалды саясаттағы айлакерлер өз мүддесіне пайдаланып, қосамжарланған билік орталығын құруға тырысты. Елімізде Президент әрі Жоғарғы Бас қолбасшы лауазымы бір бөлек, бұрынғы Президент иеленген Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы лауазымы бір бөлек болды. Осы екі лауазымның иелері бір мезетте қатар қызмет атқарды. Түптің түбінде бұл жағдайдың билікте қатаң текетірес туғызбай қоймасы анық еді.

Мұны аз десеңіз, дәл осы жағдай Қаңтар дағдарысына әкеп соқтырған алғышарттың бірі болды. Өйткені ымыраласқан қаскөйлер өздері ойлап тапқан қосарланған билік, яғни «тандем» идеясын дәріптеп, оны өз мүддесіне пайдаланғысы келді. Кейбір лауазымды тұлғалардың, оның ішінде бұрынғы Әділет министрінің мәртебе жағынан Елбасы Президенттен жоғары тұратынын айтқаны естеріңізде шығар. Кейбір шенеуніктер біресе ана, біресе мына кабинетті жағалап жүрді. Олар ойнақтап жүріп, ақыры от басты. Мен кейінірек Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевқа оның жақын серіктерінің саяси қитұрқылығы еліміздің тас-тал­қа­нын шығара жаздағанын ашық айттым.

Қалай десек те, мемлекетте үлкен және кіші президент деген болмауы керек деп санаймын. «Кеттің бе – қайы­рыл­ма!» Болашақта ел тізгінін ұс­тайтын азаматтар осы жағдайдан сабақ алып, мұндай нәрседен қашық болуға және тек қана мемлекеттің мүддесі мен қоғамның береке-бірлігін ойлауға тиіс,-деген болатын.

 

 


Қайрат Балабиев, Мәжіліс депутаты: Президент пен халықты алдап не керек?
«Шымкентте "акула" парамен ұсталды». Генерал осыған қатысты сұраққа жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу