«Шымкентте "акула" парамен ұсталды». Генерал осыған қатысты сұраққа жауап берді

Oinet.kz 05-01-2024 263

Screenshot_1.png

Жаңа жылдың алдында әлеуметтік желіде Шымкент қалалық Полиция департаментінде лауазымды қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат таралды. Әлеуметтік желі белсендісі полковникті  50 мың доллар және 30 миллион теңге парамен Шымкент қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстағанын жазған еді.  Алайда бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, генерал Думан Таев мұны жоққа шығарды.

 Департаментте Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиевтің полиция қызметкерлерімен өткен кездесуінде журналистер осы ақпараттың анық-қанығын Шымкенттің бас полицейінің өзінен сұраған болатын.   

-Бұл жалған ақпарат, ондай жағдай болмаған,-деп жауап берді генерал.

Жиында тәртіп сақшылары есірткі саудасына қарсы күрес бойынша есеп берді.   

 


Сарапшылар елде қос биліктің болғанын мойындай бастады
Мағауин шетелге неге кетті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу