Жаңа мәртебе –жоғары рейтинг. Д.Қожамжарова жетекшілік еткен ОҚУ жоғары жетістіктерге жетті

Oinet.kz 10-01-2024 678

1704362996 (1).jpeg

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры, белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор   Дария Пернешқызы Қожамжарова зейнет жасына толуына байланысты құрметті демалысқа кетті. Дария Пернешқызы бұл қызметке 2018 жылы тағайындалған болатын.  

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін басқарған бес жарым жылдан астам уақыт ішінде Дария Пернешқызы көптеген игі істерді қолға алынды.  

Былтыр ОҚУ-дің 80 жылдық мерейтойында университетке Үкімет қаулысымен «зерттеу университеті» деген мәртебе берілді. Университетті дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Зерттеу университеті мәртебесі ғылым арқылы елдің индустриалды-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, жоғары білікті кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге 5 жылдық бағдарлама аясында жаңа зертханалар пайда болады, қосымша қаржыландыру артады, білікті кадрлар жұмысқа тартылады, зерттеу университеті болған соң профессорлық-оқытушылар құрамының коэфиценті жоғарылайды. Бөлінген қаржылар ғылыми зерттеу орталықтарын жаңартып, жабдықтауға жұмсалады.

Бүгінде білім ордасы 30 мыңға жуық студентті қамтыған, 3 жоғарғы білім жүйесін топтастырған көпсалалы университет атанып отыр. Жаңа мәртебе ғылым мен өндірісті, экономиканы бір-бірімен ұштастыруға мүмкіндік туғызады. Унверситеттің еліміздің ғылымына қосқан үлесі қаржылай есептегенде 5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде коммерциялық бағыттағы, жас ғалымдардың, халықаралық мәндегі жобалардың жалпы саны 300-ден асады. Сонымен бірге мегаполистің дамуы, су, жерасты сулары, күн энергиясы тақырыбында біраз зерттеулерді қосуға болады. Жаңа мәртебе енді еліміздің ғылым саласына жас ғалымдарды, білікті мамандарды лек-легімен шығаруға үлкен мүмкіндік сыйлайды. Әсіресе жасанды интеллект ғылымын меңгерген мамандар шоғыры қалыптасады. Сондай-ақ оқу орны шетелдікті қосқанда 38 университетпен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бүгінгі таңда Әуезов университетінде 1.5 мың оқытушы құрамы болса, оның 300-ден астамы ғылым кандидаттары.

М.Әуезов атындағы ОҚУ еліміздің оңтүстік өңіріндегі ең іргелі оқу орны болғандықтан оған қосымша ұлттық университет мәртебесін беретін уақыт келді. Өйткені уиверсиеттің тарихы терең, екіншіден ғылым саласына қосқан үлесі мол, үшіншіден алдағы уақытта ғылымды өрге сүйрейтін әлеуеті де жетеді. Осы орайда айта кетелік, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Quacquarelli Symonds (QS) ұсынған QS Sustainability 2024 беделді тұрақтылық рейтингісіне алғаш рет қатысты. Рейтинг нәтижелері бойынша Auezov University әлемнің 1403 университет ішінен 981-1000 орынға ие болды. Қазақстан бойынша университет Республиканың 12 жоғары оқу орнынан 4 орында. Аймақтық Азия рейтингісі бойынша университет аймақтағы 487 жоғары оқу орнының ішінде 293-орынға ие болды.

2021_06_09_7ecfb0f5-28d0-4b48-98df-be51f42299dd.jpg

 


А.Мырзахметов қолбасшы қызметіне тағайындалды
ОҚМПУ-Іскер басшыға мүмкіндік беру қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу