Нұржігітов Түркістанды су тапшылығынан құтқара ала ма?

Oinet.kz 31-01-2024 243

2022_12_02_f884ff87-01d7-4909-ad2e-c9fe44831cfd-750x430.jpeg

«Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Тұжырымдамада мемлекетаралық су қатынастарын дамыту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қою көзделген. Халықаралық су ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі - Орталық Азияның су-энергетикалық ынтымақтастығы тетігін әзірлеу. Тұжырымдамада еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту мақсатында 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналды реконструкциялау және гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту бойынша бірқатар шұғыл шаралар қарастырылған. Министрлік тасымалдау кезіндегі су шығынын 50%-дан 25%-ға дейін азайту арқылы 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн гектарға дейін ұлғайтуды жоспарланып отыр. Сондай-ақ қолда бар су ресурстарын 2,4 текше шақырымға арттырып, экономика салаларын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға ниеттіміз».

Кешегі күні Үкімет отырысында сөз алған Су ресурстары және иригация министрі Нұржан Нұржігітов осылай деді. Жалпы, судың соңында отырған Қазақстанда, оның ішінде Түркістан облысында ағын судың тапшылығы өте өзекті. Қырғыз бен өзбекке күніміз байлаулы. Оңтүстікте әсіресе, ағын судың тақсіретін мақташылар биыл көбірек тартты. «Дәл биылғыдай су тапшылығы бұрын-соңды болып көрмеген» деген еді біз сөйлескен шаруалардың бірі.

Нұржан Нұржігітовтің айтуынша,  дәл қазір Түркістан облысының суармалы жерлеріне  су беріліп жатыр. Бұл егіс алқаптарындағы ылғал мөлшерін көбейтуге, топырақтың құнарлығын жақсартуға және ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жасалған.

Оңтүстік ағын судан қыста қысылмайды. Нұржан Нұржігітов Жетісай мен Мақтааралдың  шаруаларына шіліңгір шілдеде су тауып бере ала ма? Мәселе осында ғой.



Ерлан ӘБДИЕВ, Мәжіліс депутаты: Кішкене кедергінің өзі мүгедек үшін үлкен проблема
Түркістанда ислам институты ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу