Қайрат Құдайбергенов: Тоқаевты әдейі адастырды

Oinet.kz 14-02-2024 379

«Бәрі «Қаңтар» туралы шындықты айтуда неге қорқады? Сот барысында мен  Қаңтар оқиғасына қатысты сұрақтардың бәріне полиграфияны қолдана отырып жауап беруді өтіндім. Тергеу кезінде менің бұл өтінішіме құлақ аспады. Өйткені олар бір нәрсені жасырып қалғысы келеді, ал мен шындықты айтуға мүдделімін.

Screenshot_2.jpg

Президент Тоқаевты әдейі алдады. Бірнеше мәрте оған өтірік ақпараттар беріп, адастырды. Өздерінің қорқақтықтарын жасыру үшін. Ешқандай да 20 мың террористің болмағаны жұрттың бәріне белгілі факті. Дәл сол сияқты мені заңсыз қамады, мен алаңға өз өмірімді қатерге тіге отырып, халықты тыныштандыру үшін, митингіні бейбіт арнаға бұру үшін шықтым. Мұны сол кезде істеуге міндеттілер бұл кезде үйлерінде тығылып жатты. Мұндай ар-намысы жоқтар құқық қорғау органдарында жұмыс істемеуі керек.  Мемлекет басшысының қасында болмауы тиіс. Жаңа Қазақстанда оларға орын жоқ. Мен он жыл бойы жасамаған қылмысым үшін түрмеде отыруға дайынмын (маған осындай жаза дайындап жатыр). Мен жазадан қорықпаймын. Ең бастысы мен ар-намысымды сатқаным жоқ. Ешкімге жала жаппадым. Кез келген адамның жүзіне тіке қарай аламын. Мен ешқашан да өз Отаныма, халық¶а қарсы шыққаным жоқ. Мен мұны Қаңтар оқиғасы кезінде дәлелдедім».

Қаңтар оқиғасынан кейін «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге ұсталып, Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылардың бірі ретінде тұтқындалған,  қазіргі уақытта соты өтіп жатқан бизнесмен Қайрат Құдайбергеновтің осындай мағынадағы  сөздері оның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Бизнесмен бұл сөзді сотта айтты ма, ол жағы белгісіз.

Білім саласындағы ең ірі жымқыру Түркістан облысында—Антикор
18 жыл бойы ашылмаған шындық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу