Шымкент: Білім саласынан бірқатар олқылықтар анықталды

Oinet.kz 24-02-2024 328

428618076_1198900111269475_6579868184737679430_n.jpg 

 Оқу-ағарту минстрі Ғани Бейсембаевтың төрағалығымен өткен жиында қала аумағындағы білім беру ұйымдарына жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл басында министрлік жасақтаған арнайы топ қаладағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізген болатын. Мәжіліс барысында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов зерделеу шаралары бойынша баяндама жасады. Бұл бағыттағы жұмыстар 136 жалпы орта білім беретін мектептің 68-не жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар олқылықтар анықталып, ескертпелер жасалды.

Ғабит Әбдімәжитұлы басқарма басшысына туындаған кемшіліктерді қалпына келтіруде, директорлар мен мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда, білім алушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар жиында «Шымкент қаласының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасының» орындалуы пысықталды. Қазір қала аумағындағы білім беру нысандарында 400 мыңнан астам оқушы, студент білім алуда. Жоба аясында соңғы 3 жылда қаламызда 81 білім ғимараты пайдалануға беріліп, апатты және үш ауысымды мектеп мәселелері толығымен шешімін тапты.

 


Мұхамедиұлын 12 жылға бас бостандығынан айыру сұралды
Түсемін, түсемін, түсемін. Лукашенко сайлауға қатысатынын мәлім етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу