Түсемін, түсемін, түсемін. Лукашенко сайлауға қатысатынын мәлім етті

Oinet.kz 26-02-2024 174

  000019_1708863895_617638_bmain2.jpg  

Белорустің президенті Александр Лукашенко келесі жылы өтетін президент сайлауына қатысады. Бұл туралы президенттің өзі мәлімдеді. Бұл «Батьканың» президенттік сайлауға осыменен жетінші мәрте қатысуы болмақ.

-Түсемін, түсемін, түсемін. Оларға айта барыңдар түсемін,-деді Лукашенко. «Олар» деп «Батька» шетелде жүрген белорусь оппозициясын айтып отыр. Президент елді дүрліктіруді үдеткен сайын соғұрлым сайлауға тезірек баратынын, өзінің артынан ерген халықты тастап кепейтінін мәлім етті.

-Сіздер, қобалжымаңыздар, біз Беларуссияға қалай қажет болса, солай жасаймыз,-деді Лукашенко.

Алексендр Лукашенко Белурссияны 30 жылдан бері басқарып келеді.

 


Шымкент: Білім саласынан бірқатар олқылықтар анықталды
«24 күн аштық жарияладым»: Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне тағы да іс қозғалуы мүмкін екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу