Сейтжановтың компаниясымен туыдаған дау оң шешілді

Oinet.kz 28-02-2024 190

Табиғаты таңғажайып Түлкібас ауданында туризм экономиканың маңызды саласына айналып келеді. 

Screenshot_9.jpg

Бүгінде ауданда 36 туристік нысан бар. 2023 жылы ауданға 15 мыңға жуық турист келген. Жалпы туризм саласы бойынша алдағы 3 жылда жалпы құны 12,4 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, туризм саласын дамыту мақсатында аудан аумағынан 80 га жерге емдік-сауықтыру рекреациялық аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұндай мәліметтерді жуырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өқткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлім етті. 

Түлкібас ауданында өткен жылы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 20 млрд 23,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд 457 млн. теңгеге артқан. 

-Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу» тапсырмасы бойынша аудан көлемінде былтыр 1 445 жаңа жұмыс орны ашылған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 203 азамат жолданып, жоспар артығымен орындалды. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 83 азамат жұмысқа орналасты. Ал мемлекеттік грант бойынша 90 тұрғынға қаржы бөлініп, бүгін жеке кәсіптерін ашқан, - деді аудан басшысы.

Естеріңзіде болса, бұған дейін Түлкібас ауданында белгілі бизнесмен Серікжан Сейітжановтың ашқан кен орынындағы жарылыс жұмыстарына тұрғындар нарызылық білдіріп, оны жабуды талап еткен болатын. Брифингте біз аудан басшысынан осы мәселенің қаншалықты шешілгенін сұрадық.

 -Бүгінгі таңда ол мәселе шешімін тапты. Ауыл тұрғындарымен толықтай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұрынғы кезде жер асты байлығын игеру мақсатында ол жердің біразын жарған болатын. Соның нәтижесінде,ауылдағы үйлерге де әсер еткен болатын. Қазіргі таңда екі тараптан да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бітімге келді. Бүгінгі таңда аймақта жарылыстар болып жатқан жоқ. Пайдалы қазбаларды алу үшін арнайы келісімшарт бар. Сол келісімшартқа сәйкес аталған компания өз жұмысын заңды түрде,құжатта көрсетілгендей жүргізіп жатыр. Бұл туралы ауыл депутаттары да қарапайым халық та келісімге келді. Мәселені күнделікті бақылауда алып отырамыз. Сонымен қатар, ол аймақ арнайы полиция қызметкерлерінің бақылауында,-деді аудан басшысы. 

Сонымен қатар, аудан әкімі аймақтағы инфрақұрылым саласындағы жұмыстармен де таныстырды. Бүгінгі таңда аудандағы 61 елді мекеннің 99,8 пайызы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылған. Табиғи газ жүйесіне қосылған абоненттер көрсеткіші де 99,8 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі - 87,7 пайызға жеткен.


Шымкентте директор болуға лайық адам жоқ
«Ойлан Пашинян, ойлан» Армения ҰҚШҰ-нан әлі шыққан жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу