Жұмаханбетов жауапқа тартыла ма?: Генералдың сағаты 20 мың доллар тұрады

Oinet.kz 06-03-2024 298

Белгілі журналист Михаил Козачковтың телеграм каналындағы жазған мәліметіне қарағанда, Шымкенттің полициясын басқарған генерал Ералы Жұмаханбетовтың кезінде алынған рациялар осы уақытқа дейін пайдаланылмай, қоймада жатқанға ұқсайды. 

Screenshot_2.jpg

Журналисттің жазуынша, 3 жыл алдын Шымкентте тергеу кезінде ер азамат қайтыс болды. Осыған кінәлі деген бірнеше полицей заң алдында жазасын алды. Ал Полиция департаментінің сол кездегі басшысы Ералы Жұмаханбетов жауаптан құтылып кеткен.  Енді міне, Жұмаханбетовтың тұсында сатып алынған жаңа 800 рацияның осы уақытқа дейін пайдаланылымағаны белгілі болып отыр. Бұл фактіні ревизиялық комиссия анықтаған көрінеді. Енді Думан Таев басқаратын Шымкент қаласының Полиция департаменті осыған қатысты тиісті шаралар қолдануы керек. Генерал Жұмаханбетов бұл үшін жауап бере ме, жоқ па? 

Естеріңізде болса, Жұмаханбетовтың тұсында  Полиция департаменті басшыларының тікелей тапсырмасымен көлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ұсталған қостанайлық азамат  Нұрболат Жұмабаев полиция ғимаратында қайтыс болды. Осы кездері республикалық ақпарат құралдарына берген сұхбатында генерал  көлік ұрлығының арғы жағында жергілікті ықпалды азаматтардың тұрғандығын, бірақ олардың кімдер екендігін әзірге айтпайтындығын мәлім еткен еді. Жұмаханбетов құпиясын сол күйі айтпай кетті. Сұхбатта ол ешқашан пара алмағанын және алдағы уақытта да алмайтынын, қарапайым өмір сүретінін, пәтерде тұратынын, тіпті ол пәтердің де өзінікі емес, мемлекеттікі екендігін, қарапайым халыққа әрдайым ашық-жақын екендігін де тілге тиек еткен. Алайда  журналист Михайл Козачков генерал Жұмаханбетовтың түскен фотосын жариялап, оның қолына таққан сағатының 20 мың доллар тұратынын жазды. Генералдың өзі әзірге сағатқа қатысты түсінік берген жоқ. 

Жұмаханбетовтың дәл қазір нендей қызмет атқаратынына қатысты мәліметті таба алмадық. 

Шәмшиева келгелі шу көбейе түсті
Е.Қожағапановтың не үшін ұсталғаны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу