Түркістан: Шаруалардың қарыздарын қайтаруға прокурорлар араласты

Oinet.kz 15-03-2024 229

Түркістан облысының прокуратурасының  қолдау шараларының арқасында  451 шаруа қожалығына құқықтық көмек көрсетіліп, мақта өндеу зауыттарынан  916 млн. теңгені  құрайтын қарыз берешегі өндірілді. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады.

Screenshot_1.jpg

19 ақпанда  облыс прокуратурасының бастамасымен жергілікті атқарушы орган, шаруа қожалықтары және зауыт өкілдерінің қатысуымен  мекемеаралық  жиналыс өткізіліп, оның қорытындысы бойынша шаруаларға талап арыз дайындау, сотқа беру, ескерту хаттарын жолдауға құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ тараптар арасында келісу рәсімдерін өткізу тапсырылды.

Белгіленген жұмыс аясында сотқа 25 талап арыз беруге және Зауыттарға 23 ескерту хаттарын жолдауға құқықтық көмек көрсетілді.  Жергілікті деңгейде сот жүйесі өкілдері және медиаторлардың қатысуымен келісу рәсімдері өткізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 451 шаруа қожалығының алдындағы 916 млн. теңге құрайтын қарыз берешегі өндіріп берілді.

Сондай-ақ, облыс прокуратурасының үйлестіруімен үлгілік сатып алу-сату шарттары әзірленіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу кезінде шарт жасасу және сотқа жүгіну қажеттілігі туралы құқықтық насихат жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және Түркістан облысы прокуратурасының жүйелі бақылауында.

«Олар Путин үшін жан берген». Ресейдегі сайлауда өлген жауынгерлердің атынан дауыс беріледі
Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады – Президент
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу