Тұрғымбаевтың қолдаушысы: Экс-министр қазір қайда жүр?

Oinet.kz 28-03-2024 199

Қаңтар орқиғасы кезінде ішкі істер министрі лауазымын атқарған  Ерлан Тұрғымбаевтың қазір қайда жүргені туралы ешқандай ресми мәлімет жоқ. Неге? Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы әңгіме өрши бастаған соң Бас прокуратура ол туралы ресми мәлімет таратты. 

Screenshot_2.jpg

- 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді жалғастыруда.      Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталды.    Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде Ішкі істер экс-министрі Е.Тұрғымбаевтан жауап алынды.      Сондай-ақ, Бас прокуратура Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтарға азаптауды қолдану туралы іс бойынша дәлелдемелер жинады.      2024 жылдың 16 наурызында осы қылмысты жасағаны үшін Қарасай ауданының арнайы қабылдау орыны және полиция басқармасының бұрынғы басшылары қамауға алынды.     Бұдан басқа, қызметтік атыс қаруын ұрлау фактілері бойынша Талдықорған қаласы полиция басқармасының бұрынғы басшылығына қатысты тергеп-тексеру жалғасуда.      Осы тергеп-тексерулер бойынша басқа да мәліметтер тергеп-тексерудің, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жұртшылыққа жеткізілетін болады,-делінген Бас прокуратураның таратқан ресми мәліметінде.

Қаңтар оқиғасынан кейін Ерлан Тұрғымбаев Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Ол кеңесшіліктен  сол жылдың тамызында босатылды. Осыдан кейін Тұрғымбаеватың туралы ешқандай ресми мәліметтер жоқ. 

Алғашқыда кейбір ақпарат көздері оның Біріккен Араб Әмірлігіне кетіп қалғаны жариялады. Кейіннен оның Ташкенте жүргені белгілі болды. Былтыр сәуірде  Nege порталы экс-министрдің Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы аймақтық құрылымында (РАТС ШОС) жұмыс істейтінін жария етті.  Бұл ұйым 2002 жылы Санкт-Петербургте өткен ШЫҰ-ға мүше елдер басшыларының жиынында құрылған. Негізгі қызметі – терроризм, экстремизм, сепаратизммен, аймақтық және глобалды деңгейде күрес. Ұйымның штаб-пәтері Ташкентте орналасқан. 

Тұрғымбаев Назарбаевқа ең жақын кадрлардың бірі саналады. Кім біледі, Қаңтар қырғынынан кейін оның ешқандай жауапқа тартылмауы  жоғарыда бір қолдаушысының барын білдіретін шығар. 

Елтаңбаға қатысты елдің пікірі екіге жарылып тұр
Қанат Естек, «Бақытты отбасы» кітабының авторы: «​20 жылдан бері анасын таппай жүрміз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу