Түркістан облысында білім бөлімі 17 мың теңгеге бір келі сәбіз сатып алмақ болған
Түркістан облысы Созақ ауданының білім бөлімі бір келі сәбізді 16 мың теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің еріктілері мемлекеттік сатып алу шеңберінде өнімдер мен басқа да материалдардың бағасы көтерілгенін анықтады.
Еріктілер 578 миллион теңгеге жуық мемлекеттік қаржыны үнемдеді. Мәселен, облыс аудандарының бірінде көмірді нарықтағы бағадан да жоғары бағаға сатып алуға тырысқан. Енді бір жағдайда электр энергиясының бағасын көтерген.
Ал мемлекеттік сатып алу сайтына мониторинг жүргізу кезінде білім бөлімі сәбіздің бір келісін 16 мың 700 теңгеге сатып алуға тырысқаны анықталған. Ал нарықтағы бағасы - шамамен 200 теңге. Баға 800 есе көтерілген.