Tik-Tok-қа шектеу қойылуы мүмкін

Oinet.kz 25-04-2024 172

Елімізде Tik-Tok  әлеуметтік желісіне шектеу қойылуы мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистерге берген жауабында  осылай деді. 

Screenshot_3.jpg

«Tik-tok-ты бұғаттау мәселесінде көрші елдердің тәжірибесін қарап отырмыз. Шынымен де, қазіргі таңда әлеуметтік желідегі материалдарда құқық бұзушылық фактілер өте көбейіп кетті. Оның барлығы біздің ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал етеді. Әлбетте, осындай шараларды қабылдауға болады», – деді министр.   

Министр БАҚ өкілінің Tik-tok желісі елдімізде мүлдем жабыла ма деген сауалына жауап берді.  

«Бұл әлі шешілген дүние емес. Әлі қарастырылады және жалпы талқылауда қарастырылатын сұрақ», –деді Балаева Мәжіліс кулуарында.  

Бұған дейін сенатор Әлішер Сатвалдиев Үкімет басшысына жолдаған сауалында  тик-ток желісінде негізінен жастар отыратынын,  аталған әлеуметтік желіні қолданушылардың 75 пайызының 13-24 аралығындағы жастар екендігін, тіпті 4-5 жастағы балалар күнделікті 75 минутын осы желідегі дүниелерді тамашалаумен өткізетінін атап өткен болатын. Бұған жауап берген вице-премьер Роман Скляр интернет-ресурстар Бас прокурордың немесе оның орынбасарларының ұсынуы бойынша, сондай-ақ уәкілетті органның нұсқамасы бойынша сот тәртібімен не «соттан тыс бұғаттау» тәртібімен тоқтатылатынын, ал техникалық шараларды байланыс операторлары мен «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қабылдайтыны мәлімдеген болатын.   

Сең қозғалды: Әлия Назарбаеваның үстінен іс қозғалуы мүмкін
Шымкентте жалған полицейлер ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу