Ермек Кенжеханұлы вице-министр болды

Oinet.kz 05-06-2024 259

 QlIMvULh.jpg

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ермек Кенжеханұлы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ермек Кенжеханұлы 1988 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Рединг университетінің (Ұлыбритания) ауыл шаруашылығы факультетін «агробизнес менеджмент» мамандығы бойынша және Аджу (Корея) университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2011 жылы «ҚазАгро ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да менеджер болып бастаған.  Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы, Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы, Мәртөк ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. Ол Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2022 жылы тағайындалған болатын.

 


Шымкентте басқарма басшысы тағайындалды
Жетісайдың білім саласынан 2,8 млрд. теңге жымқырылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу