Жетісайдың білім саласынан 2,8 млрд. теңге жымқырылған

Oinet.kz 06-06-2024 232

2023_06_23_4000688c7d9a49bbbf27ac99d2dc1ca5 (1).jpeg 

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру барысында көптеген заң талаптарын бұзу және бюджет қаражатын жымқыруды анықтады. Бұл туралы Түркістан облыстық прокуратурасы хабарлады.

Атап айтқанда Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерімен 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Осы факті бойынша құжаттар СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) тергеу Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізілуде.

Бүгінгі күнге прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылды.

Тексерулер жалғасуда және жіті бақылауда.

 


Ермек Кенжеханұлы вице-министр болды
Сенат Масс-медиа туралы заңды мақұлдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу