Алматы әуежайы "қателесіп" 6,8 млрд теңгені бөтен компанияға аударған

Oinet.kz 29-01-2026 52

Алматы халықаралық әуежайында қаржылық тәртіптің өрескел бұзылғаны анықталды  деп жазады Оinet.kz порталы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

image.png

 Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жүргізген профилактикалық тексеріс барысында әуежай 6,8 миллиард теңге көлеміндегі дивидендті бұл қаражатты алуға құқығы жоқ компанияға аударғаны белгілі болды.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, қаражат түскен ұйым әуежай акционерлерінің қатарына кірмейді. Ведомство өкілдері мұндай қателік стратегиялық маңызы бар нысанның қаржылық тұрақтылығына кері әсер етіп, оның әрі қарай дамуына қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.

Тексеру нәтижесінде заңсыз аударылған қаражат толық көлемде әуежайдың есепшотына қайтарылды. Қаржы министрлігі қайтарылған 6,8 млрд теңге инфрақұрылымды дамытуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталатынын хабарлады.

Энергетика министрі жалақысының қанша екенін айтты
Руслан Желдібай қызметінен босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу