Энергетика министрі жалақысының қанша екенін айтты
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өз жалақысы мен жылдық табысын жария етті, деп хабарлайды Оinet.kz порталы.

Министрдің декларациясына сәйкес, оның жалғыз табыс көзі – мемлекеттік қызметтегі жалақысы.
«Өткен жылда жалақы менің жалғыз табыс көзім болды. Қосымша табысым жоқ. Бір айлық жалақым – 1,2 млн теңге. Арасында сыйақылар бар. Соларды есептегенде жылдық табысым 20 миллионнан сәл асады», – дейді министр.
Айта кетейік, министр бұған дейін бензин бағасына қатысты мемлекеттік мораторий аяқталғаннан кейін қандай өзгеріс болуы мүмкін екенін айтқан болатын.


