Қарағандыда кәсіпорын темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге шығарған
Қарағанды облысында кәсіпорындардың бірі бірнеше жыл бойы темір кенін заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарып келген. Бұл туралы прокуратура хабарлады деп жазады Оinet.kz.

Ведомствоның мәліметінше, заңсыз әрекеттер салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Тергеу аясында үш күдікті қамауға алынып, құны 500 млн теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.


