Алматыда "Кропаль" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деген күдікпен ер адам ұсталды –

Oinet.kz 03-02-2026 45

Алматыда “Кропаль” ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деген күдікпен ер адам  ұсталды. Ол бопсалау бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы CMN.KZ порталы хабарлайды. 

Screenshot_1.jpg

Алматыда Шымкент қаласы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері қылмыстық ортада “Кропаль” лақап атымен танымал 40 жастағы Асылбек Төлетпековті ұстады. Ол қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша бопсалау бойынша күдікке ілінді.

Асылбек Төлетпеков бұған дейін 2010 жылы Шымкентте екі тапаншамен ұсталған. Олардың бірі – оқ-дәрілері бар, қайта жасалған “Байкал”, екіншісі – резеңке оқпен атылатын пневматикалық “Оса Лазер”. Сараптама қаруларды атуға жарамды деп танып, ер адамға қатысты қаруды заңсыз сақтау және алып жүру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал 2004 жылы ол бұзақылық пен ұрлық үшін сотталған, 2008 жылы қару сақтағаны үшін жауапқа тартылған. Сол кезде оған 1 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ішкі істер министрлігі оны қылмыстық ортадағы тұрақты тұлғалардың бірі ретінде жедел есепке енгізген. 

Қазір Асылбек Төлетпеков “Кропаль” атты ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды деген күдікке ілініп отыр. Ол тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полицияға жеткізілді. Қылмыстық істің мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Тоқаевқа Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді
Қарағандыда кәсіпорын темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге шығарған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу