«Бәрін ауыстыру керек». Сыздықбеков полицейлерге ескерту жасады

Oinet.kz 05-02-2026

625338238_1712866353206179_2089471185807588183_n.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Қаладағы құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан жиында қала әкімі учаскелік инспекторлардың жұмысына қатысты ескертулер жасады.

--Кейбір учаскелік инспекторлар бар, халық оларды біледі, мүлем танымайтын инспекторлар да бар. Ондайлардың бәрін ауыстыру керек, қатарларымызды тазалау керек.  Біз олардың жағдайын жасап жатырмыз, егер жұмыс істемесе, оның не керегі бар?-- деді мегаполис басшысы.

Қала басшысы сондай-ақ, қаланың имиджі тек билік органдарының емес, барша қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтіп, қауіпсіздік, тәртіп пен қоғамдық мәдениетті арттыру арқылы Шымкенттің шынайы келбетін көрсетуге шақырды.

Сыздықбеков сондай-ақ ауыр құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы суицид жағдайларының алдын алуға ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

«Өкінішке қарай, Шымкентте мұндай қайғылы жағдайлар кездесіп отыр, оны жоққа шығаруға болмайды. Олардың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Үйде – ата-ана, мектепте – мұғалім, көшеде – әрбір азамат жауапты. Сондықтан барлық салада ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Профилактиканы күшейту аса маңызды», – деп атап өтті қала әкімі.

 


Рүстем Әшетаевтың ісі сотта қаралып жатыр
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу