Әкімдер рейтингісі: Қай әкім көш басында, кім соңында?
«Чиновник» телеграм-арнасының редакциясы 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылдың басындағы деректер негізінде Қазақстан облыстары әкімдерінің рейтингін жариялады деп жазады Оinet.kz тілшісі.

Зерттеу әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, ресми есептер мен баспасөз хабарламаларын, сондай-ақ қоғамдық сенім мен медиа кеңістіктегі белсенділікті кешенді талдау арқылы жасалған.
Рейтингке республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері енгізілмеген.
Рейтингтің көшбасшысына – Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жайғасқан. Жоғары орын өңірдегі инвестициялық өсіммен, экономиканы әртараптандыру жобаларымен және институционалдық қолдаумен байланысты. Аймақта жалпы құны 2,8 трлн теңгені құрайтын ірі жобалар іске асырылып, жұмыс орындарын құру қарқыны жоғары деп бағаланған.
Алғашқы бестікке сондай-ақ:
Ақтөбе облысы (Асхат Шахаров),
Алматы облысы (Марат Сұлтанғазиев),
Ақмола облысы (Марат Ахметжанов),
Қарағанды облысы (Ермағанбет Бөлекпаев) кірді.
Зерттеу авторлары бұл өңірлерде өнеркәсіп, инвестиция және инфрақұрылым салаларында оң динамика бар екенін атап өткен.
Рейтингтің орта бөлігінде Қостанай, Абай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау және Жетісу облыстарының әкімдері орналасқан. Бұл өңірлерде салалық өсім байқалғанымен, бірқатар әлеуметтік-экономикалық шектеулер мен қоғамдық сын бар екені көрсетілген.
Ал рейтингтің төменгі бөлігінде Батыс Қазақстан, Атырау, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр. Сарапшылар бұл аймақтарда құрылымдық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәселелердің басым екенін атап өтеді. Түркістан облысы жұмыссыздық пен трансферттерге тәуелділік деңгейінің жоғары болуына байланысты соңғы орында тұр.
Редакция мәліметінше, рейтинг әкімдердің қызметін түпкілікті бағалау емес, өңірлік басқару тиімділігінің қазіргі сәттегі көрінісін көрсететін аналитикалық шолу болып саналады.
Рейтинг нәтижесі:
Қызылорда облысы - Нұрлыбек Нәлібаев
Ақтөбе облысы - Асхат Шахаров
Алматы облысы - Марат Сұлтанғазиев
Ақмола облысы - Марат Ахметжанов
Қарағанды облысы - Ермағанбет Бөлекбаев
Қостанай облысы - Құмар Ақсақалов
Абай облысы - Берік Уәли
Жамбыл облысы - Ербол Қарашөкеев
Солтүстік Қазақстан облысы - Ғауез Нұрмұхамбетов
Павлодар облысы - Асайын Байханов
Маңғыстау облысы - Нұрдәулет Қилыбай
Жетісу облысы - Бейбіт Исабаев
Батыс Қазақстан облысы - Нариман Төреғалиев
Атырау облысы - Серік Шәпкенов
Ұлытау облысы - Дастан Рысбеков
Шығыс Қазақстан облысы - Нұрымбет Сақтағанов
Түркістан облысы - Нұралхан Көшеров



