Қамшыбек Тәшиев Қырғызстаннан кетті

Oinet.kz 17-02-2026

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің  бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев уақытша ел аумағынан тысқары шықты. Бұл туралы «Регион» телеарнасының директоры Өткүрбек Рахманов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Оinet.kz порталы 24.kg басылымына сілтеме жасап.

image.png

Рахмановтың айтуынша, Тәшиевтің шетелге шығуы уақытша шыққан. Алайда сапардың мақсаты мен нақты қанша уақытқа кеткені туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Бұған дейін қоғамда Тәшиевке қатысты кадрлық шешімдер қызу талқыланған еді. Осыған байланысты оның алдағы жоспарлары жөнінде түрлі болжамдар айтылды. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар тарапынан оның шетелге шығуына қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Еске салайық, 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті барлық лауазымынан босатты. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешімнің басты мақсаты – мемлекет бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы алауыздықтың алдын алу болған.

Тәшиевтің отставкасынан кейін күштік құрылымдарда бірқатар өзгерістер болды: оның орынбасарлары қызметінен босатылды, шекара қызметі ҰҚМК құрылымынан шығарылды, президентке тікелей бағынатын Мемлекеттік күзет қызметі құрылды. Сонымен қатар парламент спикері Нұрланбек Тұрғұнбек уулу өкілеттігін тоқтатты. Тәшиевтің туысы Нұрғазы Матисаков көлік прокуратурасы басшысы қызметінен алынды. Бұдан бөлек, Бішкек қаласы бойынша ҰҚМК басқармасының бұрынғы басшысы Эльдар Жақыпбеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кеше Қырғызстанда оның жақын серігі Вазелин лақап атымен танылған тұлға да ұсталғаны хабарланды.

Кеңсе тауарынан бастап ұлттық киімге дейін: шенеуніктер қандай сыйлықтар алған?
Қызметкерлер кофе ішіп, бос әңгіме айтып жүрген жоқ: «Бәйтерек» басшысы Тоқаевтың сынына жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу