ҰҚШҰ Ирандағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады

Oinet.kz 26-03-2026

images.jpg 

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының кеңесі Таяу Шығыстағы және Иран Ислам Республикасы төңірегіндегі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Кеңес құжатында Иран аумағына жасалған әскери соққыларға және өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдірілген. Мәлімдемеде барлық тараптарды сабыр сақтауға және жағдайды ушықтыратын әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Кеңес күш қолдануды жол берілмейтін әрекет деп атап, туындаған қайшылықтар тек бейбіт жолмен — диалог, өзара құрмет және барлық тараптардың мүддесін ескеру негізінде шешілуі тиіс екенін жеткізді. Бұл ретте халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қағидаттары мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ, құжатта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ-ны халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қатерлердің алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақыру бар.

Ассамблея кеңесі Иранның егемендігі, қауіпсіздігі және аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Мәлімдеме соңында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтылды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл үндеу аймақтағы шиеленісті ушықтырмауға бағытталған дипломатиялық қадамдардың бірі болып саналады.

 


Президенттің көмекшісі тағайындалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу