Арқалық қаласына жаңа басшысы тағайындалды

Oinet.kz 27-09-2019 995

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі қызметіне Қайрат Әбішев тағайындалды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қалалық мәслиxатпен келісе отырып жергілікті активке жаңа басшыны таныстырды. Облыс әкімі Қайрат Әбішевке әлеуметтік-экономикалық бағыт бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Сонымен қатар, жаңа әкім қаладағы инвестициялық жобалардың көбеюін бақылауына алмақ. Қайрат Тынымбайұлы 1969 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеевка селосында дүниеге келген. Ол бұған дейін Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі қызметін атқарды.

Светлана Жақыпова өз еркімен қызметінен кетті
Сенатор заңдар мен нормативтік құжаттарды алдымен қазақ тілінде жазуды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу