Нұрлан Әлімжанов күніне 1000 доллар гонорар алатынын айтты

Oinet.kz 05-10-2019 1839

Screenshot_7.jpg

"Путь лидера" фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлім сомдаған актер, қазіргі таңдағы мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов Қазақстанда актерлар күніне қанша гонорар алатынын айтты деп xабарлайды Sputnik Казахстан сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz

Нұрлан Әлімжановтың айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын "Путь лидера" фильмінің әрбір түсірілім күніне 100 доллар гонорар алып отырған. Бұл жобамен түсірілім тобы 5 жылдай жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде Әлімжановтың гонорары 1000 долларға дейін өскен. 

- Мен өз қаламақымның мөлшерін айтуға ұялмаймын. Бірақ, айтуға ұялатын актерлар бар. Себебі, олардың қаламақылары аз. Актерлар өз еңбектері үшін жоғары еңбекақы алу керек, - деді мәжіліс депутаты. 

Сонымен қатар, Нұрлан Әлімжанов "Томирис" фильміне түсуге ниетті болғанын, бірақ, сыннан өте алмай қалғанын айтты. 

Головкин Деревянченкомен болатын жекпе-жектен 5,8 млрд. теңге гонорар алады
Тоңазытқышта өлген сәби оқиғасы: Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу