Головкин Деревянченкомен болатын жекпе-жектен 5,8 млрд. теңге гонорар алады

Oinet.kz 05-10-2019 3850

203111_48603888085d6478aea5fded3548f0b9.jpg

Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченконың титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz сайты xабарлайды.

ESP спорт шолушысы Дэн Рафаэльдің айтуынша, GGG гонорары 15 млн долларды құрайды, яғни 5,8 млрд теңге. Бұл ретте соманың жартысын DAZN қызметі төлейді.

Рафаэльдің ақпараты бойынша, украиналыққа тек 4 млн доллар төленеді, алайда "оған 5,2 млн доллар төлеуге кепілдік берілген", бұл теңгеге аударғанда - 2 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар, The Athletic порталы Деревянченконың жекпе-жек үшін кемінде 5 млн доллар алатынын жазады. Егер украиналық жеңіске жететін болса, оған "сегіз таңбалы саны бар гонорар" бұйырады, ал келесі жекпе-жекте ол қарсыласына қарамастан 10 млн доллар алады.

Валуев Головкин мен Деревянченконың арасындағы жекпе-жекте кім жеңетінін айтты
Нұрлан Әлімжанов күніне 1000 доллар гонорар алатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу