Жұбыңызды киіміне қарап тани біліңіз

Oinet.kz 28-02-2019 1471

106-1476217237-3081d5aed0.jpg

Киіміне қарап та аңғаруға болады...

  • Еркек адам ақ түсті көйлекті жақсы көретін болса,онда иманды,ұқыптылықты сүйетін жан болғаны. Киіміне қарап та аңғаруға болады....

  • Еркек еркін пішінді, алпы-салпы киімдер киетін болса, онда оның қарапайым, жұпыны және тұйық болғаны.

  • Еркек қысқа балақты шорты мен кеудеге қапталып, әрең сиятын майка киюді ұнататын болса, онда оның жалқау, дөрекілеу, менсінбейтін, ұятсыздау, қымсына қоймайтын адам болғаны.

  • Қандай да болсын әшекейлендірусіз, қатаң үлгідегі бәтеңкені ұнататын еркек-мықты, денсаулығы күшті, құнтты, үнемді жіне жаңа идеяларды ойлап тапқыш болады.

  • Еркек ұзын жеңді көйлекті айрықша ұнататын болса, онда оның жанжалшылдау және кінәшілдеу, шаншылдау болғаны.

  • Қысқа жеңді көйлекті ұнататын еркек өмірге жеңіл қарайды және әртүрлі шарттылыққа, дәстүрге онша мән бере қоймайды.

  • Күн сайын бір ғана галстукты тағып жүретін немесе күн сайын бір пішімді, бір түсті костюм киіп жүретін еркек әдетте еңбекқор және іздемшіл, шығармашыл болып келеді.

 Аяғына да көз салыңыз....

  • Өкшесі біздей,сүйір түйреуішті аяқ-киімді ұнататын нәзік жанды өзінен ештеңені аямайтын,ештеңеден құр қалмауға, өмірден кейіндеп қалмауға әдеттенген әйел.

  • Әйелдің аяғында «әскери үлгідегі» ауыр бәтеңке болса, онда мұндай қыз айтарлықтай пысық, қажырлы және мақтан құмарлау болып келеді екен.

  • Қайық-туфлиді ұнататындар барлық кезде және барлық жерде жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп жүруді мұрат тұтады. Сондай-ақ, олар қалай өмір сүруді біледі және көздеген мақсатына ұдайы жетіп отырады.

  • Бауы байланған етікті әйел жұрттың өзіне назар аударуын қалайтын және өзі осыған мейлінше тырысып бағатын жан.

  • Спорттық аяқ-киіммен жүретін қыздар ер мінезді болады.

Мұрны да мол мағлұмат береді....

  • Сондай-ақ сүйгеніңіздің денесі болмашы жағдайда қызарып жүретін болса, онда оның қу болғаны.

  • Мұрнының ұшы жоғары көтерілгендерге жоламағаныңыз жөн. Ондай жандар жалқау, алға қарай ұмтылмайтындар. «Алма піс, аузыма түс» деп әрекеттенбей, ауырмаған жамбаспен жата беретіндердің нақ өзі.

  • Мұрнының ұшы жуан адамдар қай істі де баяу қимылдап атқарады.

  • Ал, керісінше жіңішке болса, ашуы қатты болғаны.

 Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

«Мен кіммін?» Өз-өзіңізге осы сұрақтарды қойып көрдіңіз бе?
Орманда адасып кеткен бес данышпан туралы тәмсіл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу