Бір жерде 1 ставкамен істейтін адамды басқа жерге 0,5 ставкаға алуға бола ма?

Oinet.kz 08-11-2019 1297

Жұмыс.jpg

Сұрақ: Біздің мекеме А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінде 1 ставкада жұмыс істейтін оқытушыны 0,5 ставкаға жұмысқа қабылдай ала ма?

Жауап: Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыскер бір не бірнеше жұмыс берушімен бірнеше жұмысты қатар атқара алады.

ҚР Еңбек кодексінің 1 бабы 1 тармағының 56 тармақшасына сәйкес, қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы. Яғни, жұмыскердің қоса атқарылатын жұмысының уақыты оның негізгі жұмыс орнының уақытымен сәйкес келмеуі тиіс.

Аталған Кодекстің 32 бабында жұмыскер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен жасасу үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама ұсынатыны көрсетілген. Осы анықтамаға сәйкес, жұмыскерге қоса атқарылатын жұмысты ұсынушы жұмыс беруші оның жұмыс уақытын негізгі жұмыс орнының уақытымен сәйкес келмейтіндей етіп белгілейді.

Сонымен бірге, осы тұрғыда төмендегідей шектеулер бар екенін қосымша хабарлаймын. Атап айтқанда, негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан артық аспауы тиіс және жұмыскердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы арасындағы күнделікті тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмайды (Кодекстің сәйкесінше 68 және 83 баптары).

Жалақы сақталмайтын демалыс еңбек стажына есептеле ме?
Жұмыскерлердің еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту шығындарын қалай өтейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу