АҚШ-тан шақыртылған дәрігерлер тәжірибе бөлісті

Oinet.kz 18-11-2019 995

Screenshot_19.png

АҚШ-тың білікті дәрігерлері Түркістан облысының ақ халаттыларымен тәжірибе бөлісуде. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

АҚШ-нан келген білікті мамандар құрамы Түркістан облысының дәрігерлеріне шұғыл жағдайда медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізді. Тәжірибе алмасу шарасы №2-ші облыстық перинаталдық орталығы мен Ордабасы аудандық аурухана базасында ұйымдастырылды. Науқастың жүрек қағысын қалпында ұстап, дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетудің қыр –сырымен бөліскен танымал сарапшы II Ричард Чарльс Уилкинсонның бөлісетін тәжірибесі мол. Өз ісінің үздігі жедел медициналық көмек, жетілдірілген және тактикалық шұғыл медициналық көмек саласында кәсіби маман. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының шақыртуымен үздік жаттықтырушы өңірімізге осымен екінші рет келіп отыр. Шараны "International Medical Exchange" коммерциялық емес ұйымының директоры Нұргүл Салиева-Шмит қолдауда. Жүрек тоқтап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда дереу құтқарып қалу медицина қызметкерлеріне артылған үлкен жауапкершілік. Шеберлік шыңдаған облыс дәрігерлеріне нәтижесі бойынша біліктілік арттырғандары туралы сертификат табысталды.


Онкологтар Кореяда біліктілік арттырады
«Жақсысың, Жеңісбек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу