Мамыргүлдің пайдасы мол

Oinet.kz 04-03-2019 2257

464-1476219749-5989c342ee.jpg

Сирень (Мамыргүл) — зәйтүн тұқымдасына жататын ағаш не бұта. Негізінен Шығыс және Орталық Азияда, Шығыс Еуропада таралған 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда саябақтар мен скверлерде, қала бақтарында өсетін 1 түрі — кәдімгі сирень бар. Халық медицинасында жақсы таралған дәрілік өсімдік. Оның жапырақтары мен гүлдерін көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Бүгін сіздерге үй жағдайында мамыргүлмен емделуге болатын бірнеше рецепт ұсынамыз.

1) Жазылуы қиын жараларды және іріңді жараларды мамыргүлдің жас жапырақтарымен де емдеуге болады. Ол үшін: жараланған жерді ыстық судың буымен жақсылап бұлаулап, мамыргүлдің тазалап жуылған жапырағын қойып, таңып тастайды. Алғашқы күні таңып қойған жерді 3-4 рет ауыстырады. Бір күннен соң тәулігіне бір рет ауыстырса жеткілікті.

 2) Ревматизм, артрит, остеохондроз кезінде де мамыргүлдің жапырағын емдік мақсатта қолдануға болады. Ол үшін: 2 стақан майдаланған мамыргүлдің жапырағын алып, 300 грамм тұрыптың (редька) шырынын қосып, оған 200 грамм бал және 100 грамм арақ қосып жақсылап араластырып, бір тәулік тұруы керек. Дәрі даяр. Бұл дәріні ауырған жерге жағуы керек.

 3) Бронхит, өкпе туберкулезі кезінде мамыргүлдің гүлінің тұнбасын пайдалануға болады. Ол үшін: мамаргүлдің гүлінің 1 ас қасығын 250 грамм қайнаған суға қосып, бөлме температурасында 1 сағат тұруы керек. Дәрі даяр. Оны күніне 1 ас қасықтан 3-4 рет ішуі керек.

Сәуір айында гүлдеп бастайтын мамыргүлдің бізге берер пайдасы мол екен.

Дайындаған: Сайтбеков Абдумалік

Дереккөз : anabol.kz

Қарбыз дәнегінің денсаулыққа пайдасы
Дәрігер кеңесі: сәбиіңізді суға дұрыс түсіріп жүрсіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу