Маса шаққанда қолданылатын 7 тиімді әдіс

Oinet.kz 04-03-2019 909

47-1476222399-d521c05111.jpg

Жаз мезгілінде ызыңдап маза бермей, шағып алатын маса жәндігінің қаншалықты қауіпті екенін білесіз бе?! Маса шаққанда дене бөрітіп қана қоймай, адам баласы әр түрлі тері және жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкін. Жыл сайын маса шағуының салдарынан әлемде 3 млн-ға жуық адам қайтыс болады. Сондықтан да масадан алдын ала сақтанған жөн.

 Назарларыңызға маса шағып алғанда қолданылатын 7 әдісті ұсынамыз.

1. Маса шаққан орынға қарапайым мұзды басуға болады, ол “жергілікті анестезия” ретінде әсер етеді және ісінуді басады.

2. Сода ерітіндісіде тиімді құралдардың бірі. 1 стақан суға 1-2 шай қасық ас содан қосып, осы ерітіндімен бинт немесе дәкені сулап маса шаққан жерлерді таңып немесе сүртіп қоюға болады.

3. Маса шаққаннан кейінгі қышуда 9%дық сірке суы көмектеседі. Сірке суын 1 стақан суға 1/3 қатынасында қосып, маса шаққан жерді сол сумен сүртіңіз.

4. Сондай-ақ, қышудан құтылуға бор немесе салицил спирті, қырмызы тұнбалары көмектеседі. Бірақ, бұл әдіс ересектерге қолайлы болып табылады.

5. Теріні тыныштандырып және қышуды айран немесе қаймақ басады.

6. Маса және қара шыбындар шағып алған тамаша құрал шай ағашының майы болып табылады. Оның қабынуға қарсы және бактерияға қарсы қасиеттері бар, ісінулер және қышумен күреседі.

7. Шай қалташалары (чайные пакетики) шаққаннан кейінгі ісіктен арылуға көмектеседі.

Дайындаған: Сайтбеков Әбдімәлік

Дереккөз : anabol.kz

Дәрігер кеңесі: сәбиіңізді суға дұрыс түсіріп жүрсіз бе?
Жасыл смузидің пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу