Елордада 3 автобус апатынан 27 адам зардап шекті: 4-і әл үстінде жатыр (видео)

Screenshot_4.jpg

Елордада болған жантүршігерлік жол апатынан 27 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жетекшісі Эльвира Жүргенбаеваның сөзіне сүйенсек, зардап шеккен 25 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

"Жол апатынан 27 жолаушы зардап шегіп, 53 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы қаза тапты. 25 адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 4 жолаушының жағдайы ауыр, 3 адамға операция жасалып жатыр. Ал 3 науқас ауруханадағы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында", - деді ол.

Сонымен қатар, Жүргенбаева хабарлағандай, зардап шеккен фельдшер қалалық №1 ауруханаға жеткізіліп, нейрохирургия бөліміне жатқызылған екен. Тағы бір зардап шеккен фельдшер амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ол тізесінен жарақат алған, жағдайы қанағаттанарлық.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең 9.40 кезінде Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус жантүршігерлік жол апатына түсті. Әуелі қала сыртына қатынайтын №303 автобус №12 бағдарлы автобуспен соқтығысып, содан соң №53 автобус пен жедел-жәрдем көлігі апатқа ұшыраған. Полиция жол апатының қалай болғаны анықтап жатыр.

Screenshot_2.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхамеджан Қарабаев – қазіргі қазақ медицинасының атасы
  • ​Доктор Халел Досмұхамедов
  • Дәрігер туралы анекдот
  • Қазақстанның 5 облысын Ресейге бермеу үшін Хрущевпен ерегіскен Тәшенов
  • ​Жұмат Әнесұлы. Жүз жылға созылған қуғын
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика