«Ажалды күтіп отыр ма?» - Балғынбек Имашев

Oinet.kz 22-09-2021 36351

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев шет елде мүлде карантин жоқ екенін, ол жақта халық емін еркін жүргенін айтып, билікті сынға алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Балғынбек Имаш.png

- Алла бұйыртса, ару қала Алматыға шықтық. Бүгін Қаскелеңде бір мектептің салтанатына қатысып, өскелең бір азаматтың үйлену тойына куә боламыз. Той демекші, көлігімізді қозыкөш жерге жасырып қойып, тойхананың артынан кіріп, “тығылмақ” ойнауды қашанғы жалғастырамыз? Кімді алдап жүрміз? Билікті? Полицияны? Вирусты? Цойды? Гейтсті? Өзімізді өзіміз алдап жүрміз ғой. Өткен айда отбасыммен Анталияға барып келдік. Теңізде де, қонақүйде де, бассейндерде де, мейрамханаларда да адам ығы-жығы. Маска киген біреуі жоқ. Кешке концерт, шоу-бағдарлама, көрермендердің арасында әлеуметтік дистанция деген түсінік жоқ. Суда да, ауада да, жерде де құжынаған адам. Бірақ, әуежайда бәрі маска киюге міндетті.

Тоқтаңыз! Бұл мешіттер мен әуежайда ғана жүретін вирус па? Маска тағу денсаулық үшін емес, тек тәртіп, немесе құлдық психология, әскери диктатура сияқты. Өйткені, маскаң ақ па, қара ма, мата ма, вата ма, кір ме, таза ма, жыртық па, бүтін бе, ескі ме, жаңа ма - бәрібір! Тек бетіңе жапсырып алсаң болды. Міндет! Жаңа тәртіп, әлемдік тәртіп!

Әлемдердің Раббысына құлшылық жасауды тыйып, әлемдік тәртіп орнатқысы келетіндер кімдер? Балалар мектепке барып жүр, хайырлы болғай… Ашық бағдарламасы екпе алмағандарға біраз есікті жабық қылып тұр. Дискриминацияның көкесі. Әзірге тәртіптіміз. Балаларға екпе салуға мәжбүрлесе, тәртіпсіз бола бастаймыз-ау.

Айтпақшы, Парламент каникулдан қайтып келіп, қызу жұмысқа кірісті. Жылдың соңына дейін “Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы” заң жобасы қайта талқыланып, қабылданады-мыс. Онда балаларға екпе салдырмаған ата-ана баласының денсаулығына қарсы зорлық-зомбылық жасаған болып саналады екен. Қысқасы, балаңа әй десең айыпты, қой десең қылмысты боласың. “Ел болам десең, (бұрынғы қалыпқа қайту үшін) екпе сал” деп отыр ДДҰ. “Әлем бұрынғыдай болмайды” (Мир не будет прежним) дейді сценарий авторлары. Пандемия басталғалы санаға сіңіріп жатқан ұран осы! Ажалды күтіп отыр ма, Дәджәлды күтіп отыр ма? Жерден Мәді, Көктен Иса түспесе, тоқтайтын түрі жоқ. Быть или не быть? Вот в чём вопрос! Қайран Шекспир! - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_imash)

Балғынбек Имашев ағаларын ұстап берді (фото)
Алматылық әженің 1,5 миллион теңгесін қайтарған такси жүргізушісі көпшілікті сүйсіндірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу