Алматыда геймер-алаяқ ұсталды

Oinet.kz 15-05-2019 905

2019051517014266738_pristavka.jpg

Алматыда Әуезов ауданының аумағында "Sony Playstation 4" ойын приставкаларына қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

- Ойын құрылғыларын жалға беретін жас жігіттер қаскөйдің зұлымдық әрекеттерінің құрбанына айналған. Фигурнаттың Әуезов ауданының аумағында жасалған осындай жеті эпизодқа қатысының барлығы дәлелденді. Ол өз құрбандарын хабарландырулар арқылы тауып, құрылғыны бір тәулікке жалға алатын болып келіседі, бірақ артынша оны ломбардқа өткізіп жіберіп отырған, - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Тұрыспаев.

Бақсы, балгерлікпен айналысу және оларға сену күнә ма?
Тараздың тарихымен ойнамаңыз, Лариса Лысова ханым!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу