«Turkistan» арнайы экономикалық аймағы арқылы қалаға инвестиция тартылмақ

Oinet.kz 06-12-2022 683

Screenshot_2.jpg

Түркістан қаласында құрылған «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы аумағындағы қызметтің басым түрлері - туристтерді орналастыру орындарын, санаториялық және сауықтыру нысандарын салу және пайдалануға беру, инфрақұрылым нысандарын, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру, өндіріс және қайта өңдеу нысандарын салу және пайдалануға беру, құрылыс материалдарының өндірісі, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі, дайын металл бұйымдарының өндірісі.

АЭА аумағындағы салықтық жеңілдіктер кәсіпкерлерге мол мүмкіндік сыйлайды. Айта кетсек, корпоративтік табыс салығы (КТС), жер салығы, мүлік салығы, қосылған құн салығы (ҚҚС) әжептеуір көмек.

Және де АЭА аумағындағы қатысушыларға ұсынылатын кедендік жеңілдіктер де бар. Нақтырақ тоқталсақ, АЭА аумағына тауарларды әкелу кезінде кедендік баждардан босату, 25 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) жер учаскелерін беру кез-келген кәсіпкердің аяқтан тұрып жұмысын жандандырып әкетуіне зор мүмкіндік екені айтпаса да түсінікті.

«Turkistan» арнайы экономикалық аймағы Financial Times «Global Free zones of the year 2019» халықаралық рейтингісінде жетекші экономикалық аймақтардың бірі болып танылды. Бұл жаңалық Түркістанның экономикалық тұрғыдан дамуына елеулі ықпал етті. Бұл типтегі жеңістер Түркістан қаласын өзіне лайық деңгейге көтиерілуіне көмек беріп, халықаралық деңгейдегі инвесторларды тартуына мүмкіндік жасайтыны сөзсіз.

Тек 2018 жылы құрылған «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы әлемнің үздік экономикалық аймақтарына лайықты бәсекеге ие болды және үш номинацияда SME Winner –Asia-Pacific (ШОБ жеңімпазы - Азия-Тынық мұхиты өңірі), Editor ' s choice awards - Ones to watch (редакторды таңдау – назар аударуға лайықты), Bespoke awards – Marketing slogan (арнайы марапат – маркетингтік ұран) жеңіске жетті.

«Turkistan» арнайы экономикалық аймағының жеңісі бизнесті қолдау, брендті серпінді дамыту және жылжыту саласында инвестициялар тарту және де жеткен жетістіктер бойынша белсенді жұмысы үшін берілді.

Бұл нәтиже «Turkistan» арнайы экономикалық аймағының дұрыс даму стратегиясы мен басқару тиімділігінің сөзсіз көрсеткіші болып табылады. Әрине, осы тұрғыда «Turkistan» АЭА-ның Түркістан қаласының экономикалық дамуына үлес қосып отырғаны мақтан тұтарлықтай жайт.

«Turkistan» арнайы экономикалық аймағы Түркістан қаласын жедел дамытады
«Turkistan» АЭА жұмыссыздықты жоюға күш салады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу