Қоғамда кез-келген азаматтың құқығы тең

Oinet.kz 20-06-2023 220

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарауды, қамқорлық танытуды әлеуметтік саладағы негізгі міндет екенін айтып келеді. Мүгедектер қоғамы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмыстарын жалғастырып, олардың қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіну үшін бар жағдайларын жасауға ықпал етуде.

1529987059_article212209.jpg

Мәселен, Шымкент қалалық №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 1965 жылдан бері ерекше қажеттіліктері бар жандар мен жалғызілікті қарттарға қызмет көрсетеді.

Аталған орталықтың директоры Шәрбат Шырынбекова өз сөзінде «Біздің орталықта жеті түрлі бағытта қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық қызметтер. Орталықтың санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес  болуын  және  қызмет алушының тұруына қолайлығын бақылауда ұстаймыз.  Тұрмыстық техникамен, жиһаздармен  қамтамасыз  етеміз. Денсаулықтарын  күнделікті  тексеріп, тиісті ем-шараларын жасаймыз.  Мерекелер мен тынығу іс-шараларынан қалдырмаймыз. Сондай-ақ, жеке сұрақтары мен зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар туралы сауалдарына, әлеуметтік-құқықтық мәселелер (жеке  куәлігін  ауыстыруға, тұрғын үй  кезегіне  қою) бойынша заң талаптарына сәйкес кеңес  береміз. Біздің негізгі міндетіміз – олардың қоғамдағы орны бар екенін сезіндіру. Мемлекет басшысы айтқандай, оларға қамқорлық таныту - әрбір азаматтың міндеті. Кез-келген азаматтардың құқығы тең» деді.

Айта кетейік, елімізде мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар бекітілген болатын. Оның мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың өмір сүру сапасын жақсарту мен құқықтарын қамтамасыз ету жолында барлық тартылған тараптардың үйлесімді іс-қимылының стратегиясын, құрамы мен жүйелілігін қамтамасыз ету. Ұлттық жоспар 64 іс-шараны қамтитын 7 басымдықты бағытты қарастырады. Атап айтсақ, Мүгедектік профилактикасы және оның алдын алу, білім берудің қолжетімділігі, кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта, экономикалық дербестік және сапалы жұмыспен қамту, әлеуметтік оңалту және абилитация тиімділігін арттыру, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және  қоғамдық сананы жаңғырту.


Қазақ қоғамындағы әйелдердің рөлі
Аналарды ардақтап, балаларды бақытты ету – басты міндетіміз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу