Қазақ қоғамындағы әйелдердің рөлі

Oinet.kz 20-06-2023 273

Халқымыз ежелден ер-азаматты шаңырақтың иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. Халық айтса, қалт айтпайды. Ерлі зайыптыларға бағытталған бұл теңеу ғасырдың тереңінен толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен шықса керек. Бұрындары әйел теңдігі үлкен мәселе болса, қазіргі таңда, гендерлік теңдік деген саясатқа ұласты.

1612954475_gender.jpg

Мемлекет басшысының қолдауымен, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилиактикасы туралы заң қабылданған болатын. Аталған заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы қысымды болдырмауға ықпал етеді. Бүгінде тұрмыстағы зомбылықтан балалар да зардап шегіп жүргені жасырын емес. Көпшілік ата-ана баланы тамақтандырып, киіндіріп өз міндетімді орындадым деп ойлайды. Алайда, өсіп келе жатқан жеткіншекке ең бастысы, ата-ананың мейірімі екенін ұғынбайды. Сондықтан да, жасөсіпірімдердің себепсіз көше кезіп, тентіреп үйден қашуы, қылмыстық істерге баруы жиі кездеседі.

Бұл туралы Қызылорда қалалық Жергілікті Полиция қызметі Ювеналды полиция бөлімі бастығының орынбасары Сәуле Салходжинова «Қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-тармағына сәйкес былтыр 116, биыл 72 жасөспірімге хаттама толтырылып, тиісті шаралар қолданылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес, яғни ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамағаны үшін былтыр 31, биыл 3 азаматқа сот құзырымен әкімшілік шара қолданылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында әр ай сайын жүйелі түрде іс-шаралар жүргізіп келеміз» деді.

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Бүгінгі күні нәзік жандылар қауымы қоғамның барлық салаларында белсенділік танытуда. Олар қандай қызмет атқарса да, аналық өмірін гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуда. Қазақ қоғамындағы әйелдердің рөлі күн санап артып келеді.

Адам саудасы белең алып барады
Қоғамда кез-келген азаматтың құқығы тең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу