Мәслихат және мәселе

Oinet.kz 09-07-2023 552

Еліміздегі өзекті мәселелерді ашық талқылауды, бірлесе жұмыс атқаруды бағыт-бағдар, бағдаршам еткен "AMANAT" партиясы мәслихат депутаттарының бірінші форумында  Партия жетекшісі, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов жан-жақты тақырыпты қамтыған баяндама жасады.

Screenshot_1.jpg

Алқалы жиынға қатысқан Үкімет жетекшісі Әлихан Смайылов пен Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин да өз пікірлерін ортаға салды. Аса жоғары деңгейде өткен бұл шараға 3 мыңға жуық адам қатысса, оның 2,5 мыңы жергілікті өкілді органдардың «AMANAT» партиясынан сайланған депутаттары болды. Бұл еліміздегі  барлық мәслихат депутаттарының 77 пайызға жуығы екен. 

«Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов өз сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрылтайда ұсынған «Әділетті Қазақстан мен Адал азамат» концепциясына басымдық беріп, қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтарды өзгерту керектігін айтты. Және мәслихаттағы өңірлік депутаттардың рөлін көтеру қажеттігіне тоқталды.

Screenshot_3.jpg

«Әділет пен адалдық – ажырамас ұғымдар. Ал осы ұғымдардың салтанат құруы үшін қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтар өзгеруі керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз. Бұл бізге де қатысты. Осы жолда Amanat партиясы барлық игі істердің алғы шебінде жүруі тиіс. Халықтың сенімі бізге күш береді. Сол сенімнің арқасында, өткен сайлауда Мәжілісте де, мәслихаттарда да басым дауысқа ие болдық. Премьер-министрдің кандидатурасын ұсындық. Министрлерді тағайындадық. Мәслихаттағы фракцияларымыз облыстар мен мегаполистердің әкімдерін тағайындады. Бір сөзбен айтқанда, Amanat зор абырой мен орасан жауапкершілік дегенді білдіреді», - деді Қошанов.

Ал Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының Сайлауалды тұғырнамасын және «Amanat» партиясының бағдарламасын жүзеге асыру - Үкімет жұмысының негізгі міндеті екенін, аталған міндеттемелерге мәслихаттардың белсене атсалысуы керек екенін айтты. Және де аталған мақсаттардың орындалуы үшін қажет  ресурстардың барлығы бар екенін  атап өтті.

Screenshot_4.jpg

Сонымен қатар, Үкімет басшысы ел тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға тиіс бірден-бір жоба - «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін биыл 100 млрд теңге бөлінетінін айтты.

«Жоба 7 жылда 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамтиды. Бұған 1 трлн теңге қарастырылды. Агроөнеркәсіптік кешенде 536 млрд теңгені құрайтын 300-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Көктемгі егіс және орақ науқанын жеңілдікпен несиелендіру көлемі биыл 140 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдікпен несие беру мөлшері 145 млрд теңгеге жетті», - деді Смайылов.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қоғамдық сана өзгермейінше мемлекет пен қоғамның жаңа сапасын қалыптастыру мүмкін еместігіне тоқталды.

Сондай-ақ форумда Шағангүл Жанаева, Ерлан Саиров, Асқар Ноғаев, Әсия Ақанова, Евгений Буслаев, Елнұр Бейсенбаев сынды бірқатар қоғам белсенділері де сөз сөйледі. 

Screenshot_2.jpg

Жалпы, аталған форумда қозғалған мәселелер, айтылған мәлімдемелердің ел игілігі мен қоғамның алға дамуы үшін маңызы зор екені талас тудырмайды.  Пленарлық отырыстан кейін депутаттар 11 секцияға бөлініп, министрлермен кездесті. Халық қалаулылары көкейдегі сауалдарды Үкімет мүшелеріне тікелей жолдап,  маңызды тақырыптар бойынша тиісті сала басшыларының жауабын тыңдады.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,

"AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі

Әйелден жын шығарған атышулы «Сюцай» өкілдері елді шулатты
«Онлайн платформалар және онлайн-жарнама» туралы заң күшіне енді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу