Қостанайдағы түзеу мекемесінде сотталған азамат көз жұмды
Қостанай облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат көз жұмды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды, деп жазады Оinet.kz.

ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұм ер адам есірткіге қатысты қылмыс үшін жазасын өтеп жатқан.
— Аталған оқиға бейнебақылау камераларына тіркелген. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау мақсатында қызметтік тергеу жүргізілуде, — делінген ресми хабарламада.
Қосымша ақпарат тергеу нәтижесіне қарай жария етіледі.


